3 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрметтің мәліметінше, сейсенбіде өткінші жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күркірейді. Ауа температурасы күндіз +26...+31 °C-қа дейін көтеріледі.
Павлодарда да жауын күтіледі. Сынап бағанасы күндіз +27...+29 °C-ты көрсетеді.