3 наурызда Павлодар облысында тұман түседі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде -18...-23°С, күндіз -5…-10°C күтіледі. Жауын-шашынсыз болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде -19...-21°C, күндіз -7...-9°С көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тұман болады.