3 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ болады
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы күндіз -2...+3 °C-қа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы -1...+1 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады.