30 сәуірде Павлодар облысында күн суытады

30 сәуірде Павлодар облысында күн суытады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде түнде +1…+6 градус, ал облыстың солтүстігінде -2 градусқа дейін суық болады. Күндіз +6…+11 градусқа дейін жылынады.

Павлодарда күн бұлтты болады. Жаңбыр жауады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде +2…+4 градус, ал күндіз +8…+10 градусты көрсетеді.