Полицейлер мас павлодарлықты құтқарды
Ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға «Теміржол көпірінде ер адам асылып тұр» деген қоңырау түсті. Дереу оқиға орнына автопатрульдердің экипаждары жіберілді.
Ер адамның мас күйінде екені анықталды.
– Біз дереу құтқару шараларын қабылдадық. Оның тағдыры бірнеше секундта шешілетін болды. Көпірден ер адамды тартып алу мүмкін емес екені түсінікті болды. Сондықтан біз тросты алып, оның көмегімен павлодарлықты қоршаудан алып шықтық. Адамды құтқару кезінде бізде бір мақсат болды – оның өмірін сақтап қалу, – деп бөлісті сол күнгі оқиғалармен патрульдік полиция батальоны взводының командирі Еркебай Өтегенов.
Полицейлер жедел жәрдем көлігін шақырып, ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Олардың уақтылы және сауатты әрекеттерінің арқасында адамның өмірі сақталды. Тәртіп сақшыларының өздері өз әрекеттерін адамды құтқару міндетіміз деп санайды.