«Ауыл – ел бесігі»: Баянауыл ауданында үш жылда төрт ауыл жаңғырды

«Ауыл – ел бесігі»: Баянауыл ауданында үш жылда төрт ауыл жаңғырды
Фото: Амира Жартекей

Жалпы 1 миллиард 900 млн теңгеге он жеті шақырым ауылішілік жолдар жөнделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Аудан әкімі Ардақ Кісенбаев жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асайын Байхановқа биылғы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес, 2023-2025  жылдары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. 

–  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша үш жылда төрт ауыл жаңғырды. Әлкей Марғұлан атындағы мектеп, екі мәдениет үйі, бір медициналық нысан жөнделді. Жаңатілек ауылында спорт кешені құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы Аймауытов және Шанин ауылдарына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылады, абаттандыру бойынша 1 миллиард 600 миллион теңгеге  сегіз ауылда он төрт балалар айын алаңы салынды,  – дейді Ардақ Кісенбаев.

Жеті ауылда көше жарықтары орнатылып, үш ауылда спорт алаңдарының құрысы жүргізілген. Майқайың кентінде он бір алаң абаттандырылған.  Кеңес дәуірінен жөндеу көрмеген көпқабатты 58 үй жаңартылуда. Сондай-ақ «Ауыл аманаты»  бағдарламасы бойынша 212 миллион теңгеге 22 жоба іске  асырылып, 42 жұмыс орны ашылған.  

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша егістік алқаптары 10 мың 800 гектарға жеткен. Ірі  қара мал – 15 пайызға, жылқы саны 12 пайызға өскені байқалады. Туризм саласы бойынша жеті жоба жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 5 миллиард 400 мың теңгені құрайды, 12  жұмыс орны ашылады. 

Биыл үш ауылда жолдар кіреберіс жолдарын жөндеулер жүзеге асырылып жатыр. Сұлужол, Майтөбе және Шөптікөл ауылдарында жұмыстар басталды. Келесі жылға келесі жобалар әзірленді. Ащысу өзенінде көпір салынады. Қарағанды облысы шекарасына дейін Мұса Шорман ауылында жиырма жеті шақырым тас жолын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Лекер, Ақшиман ауылдарында тас жолы салынады. Бұл ШҚО-ға тіке шығатын жол болады, – деді аудан әкімі

Таза ауызсумен қамту бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. Биыл  Аймауытов, Шонай, Шоманкөл ауылдарда  құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінгі күні жұмыстың 95 пайызы аяқталған. Шөптікөл ауылы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.  

– Негізгі мақсат – санитарлық көлікті жаңарту. Он үш ауылда жедел жәрдем көліктері жаңартылды, – деп атап өтті аймақ басшысы Асайын Байханов. 

Аудан әкімінің айтуынша, облыстық бюджеттен бес автобус атып алуға қаражат бөлініп, толық жаңартылған. Денсаулсық сақтау саласы бойынша соңғы екі жылда сегіз нысан күрделі жөндеуден өткен, 23 медициналық жабдық және он бір санитарлық көлік сатып алынған.

Еске сала кетейік, Баянауыл жол бойында қонақ үйі бар жанармай құю станциясы ашылды.