31 мамырда Павлодар облысында үсік жүреді

31 мамырда Павлодар облысында үсік жүреді
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, найзағай кезінде екпіні 15-20 мерге жетеді.

Облыс бойынша температура түнде +2...+7°C, аймақтың солтүстігінде 3°C үсік болады.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз +10...+15°C, жауын-шашынсыз болады.

Павлодарда күндіз +12...+ 14°C, түнде +4...+6°C, жаңбыр жауады.