5 маусымда Павлодар облысында ыстық ауа райы сақталады

5 маусымда Павлодар облысында ыстық ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы ...+34°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа  температура +15...+20°C, облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Күндіз сынап бағанасы  +29...+34°C дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай.  

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Павлодар қаласында түнде +16...+18°C. Күндіз +31...+33°C. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз.