5 шілдеде Павлодар облысында күн күркіреп, жел күшейеді
Өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 5 шілдеде облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.