Павлодарда Назарбаев даңғылы қайтадан жабылады

Павлодарда Назарбаев даңғылы қайтадан жабылады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жалғасатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 28 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін асфальт төсеу жұмыстарына байланысты Естай көшесінен (Назарбаев-Толстой қиылысының батыс жағын қоса алғанда) Толстой көшесінің батыс жағына дейінгі Назарбаев даңғылы учаскесі жабылады.

Бөлім мамандары қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды ұсынады.