50 мың саласыз, 500 мың аласыз: Павлодарда ерекше шара өтті

50 мың саласыз, 500 мың аласыз: Павлодарда ерекше шара өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұндай әдіс алаяқтардың қалай жұмыс істейтінін көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп,  «Сенер ме едіңіз?» атты флеш-сұхбат ұйымдастырды. Тұрғындарға 50 000 теңге салуды ұсынып, бір айдан кейін 500 000 теңге қайтаруға уәде берілді. 

Іс-шара «Заң және тәртіп» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Көптеген қатысушылар алдымен мұндай тиімді ұсынысқа келісім беріп, кейін бұл эксперимент екенін білді. 

Мұндай интерактивті формат адамдарға қарапайым ережені түсіндіруге көмектесті. Яғни, тым үлкен және жылдам табыс күмән тудырады, оның артында алаяқтар тұрады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Акция алаяқтардың құрбаны болу қаншалықты оңай екендігін түсінуге арналды.