6 қарашада Павлодар облысында бұрқасын болады

6 қарашада Павлодар облысында бұрқасын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз -3...-8 °C-ты көрсетеді. Облыста қар, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодарда ауа температурасы -3...-5 °C-қа дейін төмендейді. Күн бұлтты, күндіз қар жауады.