6 қазанда қазақстандықтар отандық энергетиканың дамуын қолдады
Бұл туралы Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оның ойынша, өткен жексенбі ел үшін тарихи күн болды – халық елдің энергетикасының болашағын анықтайтын, Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылдады.
– Ядролық физика институтының қызметкерлері бұл жобаны қолдап, 20 аймақта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған 13 мыңға жуық адам қатысты. Халық штабының оң рөлін атап өтпеу мүмкін емес, оның жұмысына мен де белсене қатыстым. Бізге жүктелген міндет жоғары деңгейде орындалды деп есептеймін. Қазақстан халқы атом электр станциясын салу және атом саласын одан әрі дамыту қажеттілігін қолдады. Біз азаматтардың дұрыс таңдау жасағанына сенімдіміз, – дейді сарапшы.
Саябек Сахиев ядролық физика институты бұл саланы, соның ішінде ядролық технологияларды дамытуға және болашақ АЭС үшін мамандар даярлауға бар күшін салатынын айтты. Ғылыми мекемеде барлық қажетті инфрақұрылым, яғни студенттер мен болашақ атом станциясының қызметкерлері тәжірибе мен қайта даярлықтан өте алатын зерттеу реакторы бар.