7 маусымда Павлодар облысында ыстық болады

Түнде сынап бағанасы +17...+22, күндіз +28...+33 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус нөлден жоғары болады.