Павлодарда жол апатында зардап шеккен жеті адамның жағдайы анықталды
Олардың екеуі – бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 тамызда сағат 20:34-те Орталық өндірістік аймақ, 562 мекенжайы бойынша «Чашки-ложки» көлікжай аумағынан шақырту түскен.
– Жол-көлік оқиғасында үш автокөлік соқтығысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен медициналық апаттар орталығынан төрт бригада алты минутта жетіп, жеті адамның зардап шеккенін анықтады, – деді станцияда.
2013 жылғы қыз бала маңдай тұсы және оң жақ аяқ жарақатымен, 2006 жылы туған қыз омыртқаның жабық сынуы диагнозымен облыстық балалар ауруханасын жеткізілді.
Сондай-ақ 1962, 1963 жылғы үш әйел адам, 1986, 1987 жылғы және 30 жастағы ер адамдар түрлі жарақат алған. Олардың екеуі бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.