7 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жауады

7 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Жексенбі күні желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +12...+ 19°C, күндіз + 22...+26°C құрайды. 

Облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде + 14...+ 16°C, күндіз +23..25°C көрсетеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады.