Павлодар жылу желілерінде тәулік бойы жұмыс жүргізілуде

Павлодар жылу желілерінде тәулік бойы жұмыс жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарын «Павлодар жылу желілері» ЖШС мен «Grappa-Stroy» ЖШС атқаруда, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ  баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шаралар жылумен және ыстық сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау мақсатында жүзеге асырылуда.

Жөндеу жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

  • Ак. Сәтбаев көшесі, 73
  • Естай көшесі,150
  • Едіге би көшесі, 61, Заслонов-Комсомольская көшесі, 1/1
  • Назарбаев даңғылы, 285
  • Мүткенов көшесі, 48
  • Жамбыл көшесі, 3
  • Павлов көшесі, 45
  • Бекмаханов көшесі,154
  • Ломов көшесі, 179/2
  • Ломов көшесі,141
  • Чайковский көшесі,12.