Павлодар облысында жоғалған екі тұрғынды үш ай бойы іздестіруде

Павлодар облысында жоғалған екі тұрғынды үш ай бойы іздестіруде

Полиция қызмектерлері, еріктілер, туысқандары іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

40 жастағы Игорь Комиссаренко Дүйсенов көшесіндегі орналасқан үйден 21  ақпан күні шыққан болатын. Сол кезден бері ер адамның орналасқан жері туралы нақты ақпарат жоқ. 

«VITA» еріктілерінің мәліметінше, ер адамның бойы – 175 см, көздері қоңыр, шашы қара түсті. Дене бітімі арықша келген. Ерекше белгілері – иегінде және сол қолында тыртығы бар, алдыңғы жоғарғы тісі жоқ.

Екінші хабар-ошарсыз кеткен 36 жастағы Владислав Брус 2 сәуірде Спутник станциясынан облыс орталығына шыққан. Сол уақыттан бері байланысқа  шықпай қойған. Бойы – 170 сантиметр, көздері көк, шашы ақшыл. Көзінің астында және маңдай тұсында тыртықтары бар.

Владислав Брус қара жолақты куртка, джинсы және қара түсті аяқ киім киіп шыққан.

Бұл адамдарды көрген немесе естіген тұрғындарды 102 нөміріне, сондай-ақ еріктілерге хабарласуды сұрайды: 8 (747) 615 55 63 Катерина немесе 8 (777) 334 82 01 Светлана.