7 қарашада Павлодар облысында жылы болады

7 қарашада Павлодар облысында жылы болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 3-8 градус салқын, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде 4-6 аяз, күндіз 4-6 градус көрсетеді.