8 мамырда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Күндіз ауа температурасы...+30°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +8...+13°C болады. Облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз сынап бағанасы +25...+30°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде +9...+11°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +28...+30°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады.