9 мамырда Павлодар облысында +32 градус ыстық күтіледі

9 мамырда Павлодар облысында +32 градус ыстық күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерде 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Сынап бағанасы күндіз +27...+32°C, облыстың батысында +24 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз +29...+31°C-қа дейін көтеріледі.