Павлодарда монша жанды

Павлодарда монша жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Малайсары батыр көшесі, 19/1 мекенжайы бойынша 25 тамызда сағат 02.56-да өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

– Жеке меншік аумақта орналасқан бір қабатты ағаш моншаның 247 шаршы метр аумақта төбесінің ағаш құрылымдары мен төбе қоршауы жанған.  Салдарынан шатыры опырылып түскен, – дейді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 03.43-те ауыздықталып, сағат 04.23-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Оқиға орнында 6 техника мен 23 қызметкер жұмыс істеді.