Аққулы ауданында Иса Байзақовтың әндері шырқалды

Аққулы ауданында Иса Байзақовтың әндері шырқалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрермендерге халық композиторларының шығармашылық жолдары таныстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әбілқайыр Баймолдин ауылдық клубында Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншілері қазақтың ұлы перзенті – халық ақыны, әнші-композитор, алғашқы кәсіби актерлердің бірі Иса Байзақовтың 125 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Ән аманат» жобасы аясындағы мерекелік концерт өткізді.

– Дәстүрлі әншілер – Сауле Мусипова, Жанболат Байсолтан, Әсел Ботаева, Мағжан Ысқақ пен Гульназ Қыздарбекова, Иса Байзақов, Иманжүсіп Құптанұлы, Сәдіқожа Мошанұлы, Естай Беркімбайұлы, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Біржан сал сынды атақты халық композиторларының шығармашылық жолдарымен таныстырып, әңгіме өрбітті, – дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шара соңы аталған композиторлардың репертуарындағы әндермен жалғасты.

Айта кетейік, Иса Байзақовтың 125 жылдық  мерейтойы қарсаңында халықаралық айтыс ұйымдастырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Исаның поэмаларынан аймақтық немесе республикалық байқау, облыс орталығында республикалық конференция өткізіледі. Ертіс ауданы мен облыстан арнайы делегат Алматы қаласындағы ақын зиратына барып, құран бағыштайды. Оқушылар арасында мүшәйра ұйымдастырылады.