Павлодарлық дарындылар шетелдік өнерпаздармен бақ сынасты

Павлодарлық дарындылар шетелдік өнерпаздармен бақ сынасты

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден қатысушылар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл Алакөл жағалауы тағы да жас таланттардың тоғысқан алаңына айналды. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шара вокал, хореография, аспаптық музыка сынды бағыттар бойынша өтті.

Аталмыш додаға облысымыздың намысын М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәжірибелі жетекші Баршагүл Қайырбайқызы дайындаған «Жас дәурен» вокал студиясы қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша Аделина Әбу және «Бүлдіршін» дуэті бірінші орынды иеленді. Ал сахнаны шынайлық пен қайталанбас сезімдерге бөлеген NurlyStars & Керемет voices, Дильназ Апушева, Иасин Темірғали, Дайана Ермуратова, Айсана Уйсумбаева, «Нұр - Ерке» триосы, «D&D» дуэті гран-при иегерлері аттанды. 

Сонымен қатар қазылар алқасының шешімімен өнерпаздардың ішінен ең жарқын жұлдыздарын да атап өтті. Осылайша, NurlyStars триосы, Омар Егінбай , Еркежан Исатай VIP Гран-при ұтып алды. 

«Alakol Fest – 2025» — бұл тек байқау ғана емес, шабыт алаңы болды. Осылайша, таланттарымыз дарынды өнерпаздарға зор алғыс білдіріліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Ислам Достов