Аққулы ауданында тұрғын үй отқа оранды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы ауданы ТЖ бөлімінің мәліметінше, өткен тәулікте № 18 өрт сөндіру бекетінің 101 пультіне Тақыр ауылында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
– Тілсіз жау өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін ерікті өрт сөндіру құралымдарының және Тақыр ауылының тұрғындарының күшімен сөндірілді, – дейді бөлімде.
Жеке тұрған төрт бөлмелі ағаш тұрғын үйде жалпы ауданы 16 шаршы метр үйдің шатыры мен ас үй жабынының ағаш конструкциялары жанған.