Ақсу - Қалқаман тас жолында бес әйел жол апатына түсті
Оқиға орнына медициналық бригада, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 29 қазан күні 103 қызметі ірі үш жол-көлік оқиғасына шыққан. Барлық жағдайда автомобильдер соқтығысып, салдарынан 12 адам зардап шекті.
– Алғашқы қақтығыс туралы хабарлама жедел жәрдемге 29 қазанда сағат 07:06-да түсті. Ақсу мен Қалқаман арасындағы тас жолда машиналар соқтығысқан. Жол апатында 50-ден 58-ге дейінгі бес әйел зардап шекті. Олардың бірі медициналық тексеруден бас тартты, қалғандары Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко.
Сондай-ақ жексенбі күні екінші ірі жол апаты Қалқаман - Беловка арасындағы тас жолда болды. Бұл шақыруды 103 және апаттар медициналық орталығының қызметі пысықтады. Үш ер адам тексеруден немесе алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты. Білегі сынған 50 жастағы ер адам Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.
Автокөліктердің үшінші соқтығысуы Павлодарда Ак. Сәтбаев - Шөкин көшелерінің қиылысында тіркелді. 103 желісіне қоңырау сағат 14:56-да түсті. Жедел жәрдем оқиға орнына сегіз минутта жетті. Облыстық балалар ауруханасына жатқызылған сегіз және тоғыз жастағы ұлдарға көмек қажет болды. Сонымен қатар, дәрігерлер 58 жастағы әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, дегенмен зардап шегушіні ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
– Барлық жағдайда медицина қызметкерлері жедел және сауатты жұмыс істеді, – дейді Ирина Мищенко. – Бірақ алғашқы қар жауған күні ЖКО санының артуы жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолдағы жылдамдықты асырмау қажеттігін тағы да еске салады. Бұл әсіресе ауа температурасы төмендегенде өте маңызды.
Еске сала кетейік, осы аптада өңірде көктайғақ күтіледі. Қарашаның алғашқы күнінде аздаған жауын түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында – тұман, ал оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтілуде. Түнде ауа темпаратурасы -3...+2°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз +1...+6°С дейін жылынады.