Ақсу боксшылары халықаралық турнирден жүлдемен оралды
Спортшылар бір алтын және екі қола медальға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19-23 маусым аралығында Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан ашық халықаралық турнир өтті.
Турнирге Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ирландия, Үндістаннан 900-ге жуық боксшы және еліміздің спортшылары қатысты.
– «Арман» спорт клубының боксшылары жақсы нәтиже көрсетті, атап айтқанда, 50 келі салмақ дәрежесінде Глеб Филиппов 1-орын, 38 келі салмақ дәрежесінде Әли Мукушев және +69 келі салмақ дәрежесінде Богдан Евграшин 3-орын алды. Жаттықтырушысы – Джустан Нарсавидзе, – делінген хабарламада.
Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі боксшыларды тамаша нәтижемен құттықтап, жаңа белестер бағындыруды тіледі.