Ақсуда ішінде балықшылар болған көлік суға батып кетті

Олардың денелері тереңдіктен шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17 қыркүйекте сағат 00:30-да «112» пультіне Ақсу қаласында орналасқан Белая өзенінде екі адамы бар «Нива» көлігі абайсызда суға түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан Ақсуға ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған ер адамдардың денелері судан шығарылды.
ТЖ департаменті еске салады: су айдындарында әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында болған кезде өте сақ болуды және өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндірмеуіңізді сұрайды.