Ақсуда өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Ақсуда өртке қарсы оқу-жаттығу өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ойын-сауық орталығында шартты түрде өрт болып, орталық қатты түтінге оранды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының ТЖ қызметкерлері «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы аясында «AksuMall» сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізумен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Жаттығу жоспарына сәйкес, шартты түрде өрт болды және орталық қатты түтінге оранды. Өрт дабылы іске қосылып, адамдар өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін эвакуацияланды, – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығында.

Акция барысында қызметкерлер орталық кәсіпкерлерімен нұсқаулық өткізіп, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді, ал өрт сөндіру бөлімшесі өздерінің жауынгерлік дайындығын тексерді.