Ақсуда енелер мен келіндер ұмыт болған дәстүрді жаңғыртты

Ақсуда енелер мен келіндер ұмыт болған дәстүрді жаңғыртты
Фото: Татьяны Сартакова

Байқау 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Аналардың ізімен" өңірлік байқауына 11 ауыл мен Ақсу қаласынан 13 отбасы қатысты. Байқау Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында өтті. Оның шарттары бойынша әр отбасы өзін таныстырып, ұлттық тағам дайындап, ән айтып, бесік жырын шырқап, халықтық дәстүрлер туралы баяндады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұрын байқау "Анасына қарап қыз өсер" деген атқа ие болған және оған тек анасы мен қызы қатысқан. Осы жылдан бастап қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттау үшін шарттарын өзгертіп, енесі мен келінін қатыстыру туралы шешім қабылданды.

Байқау басталар алдында Ақсу әкімі Нұрлан Дүйсембинов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Біздің мақсатымыз – жастарды, өскелең ұрпақты ата-бабаларымыздың халықтық дәстүрлеріне, тәрбиелік нормаларына үйрету, - дейді қатысушылардың бірі Ақсу ауылдық аймағының Жолқұдық ауылынан келген Тілеулес Ибраева. – Мен ауылда, ал келінім немереммен бірге қалада тұрады. Біз күн сайын бір-бірімізге қоңырау шалып, дайындалдық. Халықтық-қолданбалы өнер номинациясында тойбастар, қоржын, киізден жасалған бұйымдар дайындалды. Мен өзім мәдениет саласында жұмыс істеймін, ал келінім есепші. Менің немерем Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның алтыншы сыныбында оқиды. Мұндай жарыстар өте қажет деп санаймын. Жастар біздің ісімізді жалғастыра берсін.

Байқау қорытындысы бойынша Қалқаман ауылдық округінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Алғабас және Евгеньевка ауылдарының отбасылары бөлісті. Үшінші орын М. Омарова және Қызылжар ауылдық округіне бұйырды. Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.