Павлодарлық полицейлері әкесінен қорыққан жасөспірімге көмектесті

Павлодарлық полицейлері әкесінен қорыққан жасөспірімге көмектесті
Фото: Константин Шелков

Тәртіп сақшыларын баланың өзі шақырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы полиция басқармасына жасөспірім қоңырау шалып, ата-анасының арасындағы жанжалдан қорқатынын, онда баланың әкесі жұбайына дөрекі сөз сөйлегенін мәлімдеген. Шақыруға учаскелік полиция инспекторы барды. 

- Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін отағасы жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді, - деді жергілікті полиция қызметінің қызметкері Айсұлу Салманова. 

Полиция облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қолайсыз отбасыларды үнемі тексеріп отыратынын айтты.