Ақсуда есірткі шегіп алған жүргізуші қамауға алынды
Сараптама қорытындысы оның есірткі тұтынғанын растады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12.20 шамасында Ақсу қаласының М. Мәметова көшесіндегі үйдің ауласында «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызған.
– Сараптама қорытындысы жүргізушінің есірткіге мас күйінде болғанын растады. Ол көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.
Осы баптың санкциясы көлік құралын жүргізу құқығынан жеті жыл мерзімге айыруды көздейді және он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 175 жүргізушінің жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.