Ақсуда мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болған

Ақсуда мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның әрекеті сотта қаралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Бауыржан Момышұлы көшесі бойымен келе жатқан Opel Frontero маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізуші тәртіп сақшысының ескертулерін елемей, күдік тудырды. Тексеру барысында жүргізушіден есірткі және маскүнемдік белгілері анықталды.

– Ол куәландырудан өту үшін дереу медициналық мекемеге жеткізілді, онда оның алкогольдік және есірткілік мас күйінде екендігі расталды, – деді облыстық полиция департаментінде.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.