Ақсуда серуеннен оралмаған зейнеткерді іздестіруде
 
                                    Фисенко Евгений Тимофеевич биыл 27 наурызда жоғалып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Туыстарының айтуынша, ол қаланың жағалауына жиі баратын, жоғалған күні әдеттегідей керек-жарақ заттары салынған рюкзагын алып, шығып кеткен.
– Евгений Тимофеевич жүруі мүмкін жерлерге іздеуге шығып, жағалаудың бойын қарап шықтық. Сондай-ақ жүрген жолын көру үшін қауіпсіздік камераларын көруге тырыстық. Төтеншеліктер мен туыстары іздеді. Жақында хабарсыз кеткеніне бір ай болады. Өкінішке орай, оның орналасқан жері туралы ақпарат жоқ, – дейді «VITA» іздеушілер ұйымында.
Еріктілер сол күні жағалауда серуендеп жүріп зейнеткерді көріп қалған немесе орналасқан жерін білетіндер болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
    
 
         
         
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
