Ақсуда терезеден құлаған бала облыс орталығына жеткізілді
Жағдайы тұрақталғаннан кейін ота жасау жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласында үшінші қабаттан құлаған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 2023 жылы туған ұлдың жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. Бүлдіршін бас-ми жарақатын алған.
Қазіргі уақытта бала реанимация бөлімінде жатыр, онда оған қажетті барлық қарқынды ем көрсетілуде. Жағдайы тұрақталғаннан кейін ота жасалмақ.
Осы орайда аталған іске қатысты Ақсу қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған жәбірленушінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің тиісінше орындалмауы фактісі бойынша барлық мән-жайды жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Нәтижелері бойынша заңға сәйкес шешім қабылданатын болады.