Павлодар облысында тағы бір бала терезеден құлады

Павлодар облысында тағы бір бала терезеден құлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

— 2023 жылы туған ұл бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы аса ауыр деп бағалануда, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқас Павлодар облыстық балалар ауруханасына тасымалдануда. Қосымша ақпарат диагностикалық тексерулер жүргізілгеннен кейін ұсынылады.