Ақсулықтар Наурызнама онкүндігін қорытындылады

Ақсулықтар Наурызнама онкүндігін қорытындылады
Фото: Ақсу қаласы әкімдігінен

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды шаралар өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Ақсу қаласы әкімдігі мәлімдеді.

— Бүгін, 23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің соңғы күні, Тазару күні. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ертіс өзенінің жайылма шалғындарынан өткен жылдан қалған шөптерді шығару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауылдық округтер көшелерінде қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды,- делінген хабарламада.

Аталған іс-шаралар аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға және абаттандыруға бағытталған.