Ақтау тұрғыны Павлодарда есірткімен ұсталды

Ақтау тұрғыны Павлодарда есірткімен ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеке тінту кезінде ер адамнан синтетикалық есірткі және орамаға қажетті заттар тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынынан есірткі затын тәркіледі.

Жеке тінту кезінде ер адамнан синтетикалық есірткі салынған 40 орама, қаптама материалдары және электронды таразы табылып, тәркіленді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық тектегі психотроптық зат болып табылады. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 50 грамнан асады.

— Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті ағымдағы жылдың мамыр айының басында Павлодар қаласына келген. Қазіргі уақытта оның психотроптық заттарды заңсыз өткізуге қатысы бар-жоғы тексерілуде.