Екібастұзда жаңа жылу магистралі үшін учаске дайындалуда

Екібастұзда жаңа жылу магистралі үшін учаске дайындалуда
Фото: Константин Шелков

Жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылдың 10 қазанынан 15 қарашасына дейін Торайғыров - Энергетиктер көшелерінің қиылысында ЖМ 7/1 жаңа резервтік жылу магистралін салу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.  

– Бұл учаскедегі жұмыс қаланың жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмысына әсер етпейді. Осы орайда Торайғыров көшесінен Степная көшесіне дейін Энергетиктер көшесі бойынша жол учаскесі жабылады, – дейді әкімдікте.  

Жер жұмыстарын жүргізу кезеңінде №6 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы өзгертілді: оңтүстіктен солтүстікке қарай Энергетиктер көшесімен жүру кезінде маршрут Қостанай көшесіне оңға, одан кейін Королева-Мәметова-Энергетиктер және одан әрі жүру бағыты бойынша бұрылады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖМ-7/1 жаңа магистралі қаланың жылумен жабдықтау жүйесін теңестіру үшін қажет.  Себебі, бір ауданда жылу шамадан тыс бола, екінші аумақта жылу  жетпейді.