Ақтоғай ауданында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды

Ақтоғай ауданында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Науқастың жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

- 1985 жылы туған әйел адам 26 сәуір күні сағат 15:30-да бет жарақатымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.Түскен кездегі жағдайы – орташа ауырлықта. Алғашқы қажет медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылды, - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне тасымалдау жоспарлануда.