Ақтоғай ауданында жоғалған жігіттің денесі табылды
Автокөлік судан шығарылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
– Өкінішке орай, жаңа ғана Естай Солтанбет Болатұлының денесі мен автокөлігі судан шығарылды. Отбасы мен туған туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, – деді «Vita» іздестіру еріктілер жасағында.
Естеріңізге сала кетейік, Естай Солтанбет Болатұлы 1994 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген. Туыстарының айтуынша, 23 сәуір күні қара-жасыл «Нива» көлігімен балық аулап жүрген таныстарына шатыр жеткізіп беру үшін жолға шыққан. Содан бері жоғалған азамат туралы хабар болмаған. 70 адам жаяу және мотоциклмен Ертіс ауданына дейін аумақты, барлық шұңқырды қарап шыққан. Кеше Талинка өзеніне қарай апаратын аумақта іздер табылған және айналасындағы бұтақтар сынып қалған. Бүгін іздеуге қайықпен сүңгуірлер шыққан болатын.