Ақтоғайда 88 жастағы әже елдің жарқын болашағы үшін дауысын берді

Ақтоғайда 88 жастағы әже елдің жарқын болашағы үшін дауысын берді
Фото: Марина Кисенко

Естелік ретінде оған сыйлық берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Ақтоғай ауданында да сайлау үрдісі қызу жүріп жатыр. Сағат 10:00- дегі мәліметке сүйенсек тұрғындардың 8,8% дауысын беріп үлгерді. Бұл 746 адамды құрайды. 

Әр учаскеде дауыс беру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Арнайы бұрыштарда аудио-бюллетень жүктелген 54 см диагональды мониторы бар компьютер, құлаққаптар, нашар көретін жандарға арналған трафареттермен жабдықталған. Үйден дауыс беруге 106 өтініш келіп түсті. 

Ақтоғай ауданы М. Қайырбаев атындағы мектептегі № 135 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін 88 жастағы ауданның құрметті тұрғыны Аминат Алисултанова да келді. Оның алты баласы, 26 немересі және 15 шөбересі бар.

– Сайлауға саналы түрде барып жүрмін. Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауысымды беремін. Ең бастысы аспанымыз ашық, жастар үшін жағдайлар болса деймін,– деді ол. 

Комиссия мүшелері естелік ретінде оған сыйлық табыстады.  

Еске сала кетейік, ауданда барлығы 28 сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Осы уақытқа дейін учаскелерде ешқандай тәртіпсіздік әрекеттер тіркелмеді.