Ақтоғайлық тұрғынға сот арқылы бір жарым миллион теңге қарызы қайтарылды
Ол ұзақ уақыт бойы өз ақшасын күткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақтоғай аудандық сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде тұрғынның азаматтан қарызын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
Іс бойынша азамат танысынан белгілі бір уақытқа дейін қолхат бойынша 1,5 миллион теңге көлемінде қарызға ақшалай қаражат алып, көрсетілген мерзімде қайтармаған.
Талап қоюшы жауапкерге 5 күн ішінде қарызды қайтару туралы сотқа дейінгі талапты жолдаған.
Сотқа дейінгі талап қою шарттары орындалмай, бұл талап қоюшының құқықтарын бұзды.
– Сот шешімімен оған 1 500 000 теңге қарыз сомасы, 15 000 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша сот шығындары өндірілді,– деді Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметінде.
Шешім заңды күшіне енді.