Анам мас: Павлодарлық полицияға жүгінді

Анам мас: Павлодарлық полицияға жүгінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол жанжал шығарған көрінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Естай көшесі, 134/2 мекенжайдағы үйден әйел адамның қызы хабарласып, мас күйдегі анасын алып кетуді сұраған. Бұдан бөлек, ер адам әкесінің мас күйінде пәтерде шу шығарып жатқандығы туралы шағыммен жүгінген. Осы уақытта Естай көшесі, 134 үйінің кіреберісінде мас күйінде әйел көршілерінің есігін теуіп, жанжал шығарғаны туралы қоңырау түскен. Учаскелік полиция инспекторлары барлық құқық бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, материалдар сотқа жіберілді. 

– Отбасылық жанжал шығарушыларға қатысты пәрменді шаралардың бірі – қорғау ұйғарымын шығару және мінез-құлыққа ерекше талаптар қою. Тек ағымдағы жылы ғана құқық бұзушыларға қатысты 2329 қорғау ұйғарымы қойылды. Соттар құқықтық тәртіп сақшыларының ұсынысы бойынша мінез-құлыққа 580 ерекше талап қойды, – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов. 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша 3143 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болған жағдайда полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласу керек.