Арабтар Қазақстан жел электр станциясын салуға қатысады

Арабтар Қазақстан жел электр станциясын салуға қатысады

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ACWA Power негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Мухаммад Абунаянмен кездесті, деп хабарлайды Kazinform.

Басқосуда Жетісу өңірінде қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселе талқыланды. Станцияда инновациялық электр қуатын сақтау жүйесі орнатылады. Пайдалануға беру 2028-2029 жылдарға жоспарланған. 

Тараптар биыл маусым айында Астана халықаралық форумы аясында қол қойылған жобаның жол картасында белгіленген іс-шаралардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

Бүгінде тариф келісіліп, мердігерлермен электр қуатын тарату схемасын әзірлеуге және жел діңгектерін орнатуға келісім-шарт жасалып, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін бөлу туралы әкімдіктің қаулысы алынды.