Павлодарлық түзету мекемесінде биг-бэг қаптарының өндірісі іске қосылды

Өндірістің жоспарланған көлемі – айына 50 мыңнан астам қап, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бойынша белсенді шаралар қабылдап келеді.
Осы мақсатта №46 түзету мекемесінде биг-бэг қаптарын өндіру өндірісі іске қосылды.
Атап айтқанда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Еңбек» ШЖҚ РМК «Асыл Арман» ЖШС, «Новопэк» ЖШС және «Тауба» ЖК-мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасты.
Кәсіпкерлер тарапынан 50 сотталғанға арналған қажетті жабдықтар мен жұмыс орындары ұсынылды.
Аталған жоба – сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жолындағы маңызды қадам және олардың қалыпты өмірге қайта оралуына жаңа мүмкіндіктер ашады.