Асайын Байханов: Киелі домбыраның қасиетті үні – ұлттық кодымыздың белгісі

Асайын Байханов: Киелі домбыраның қасиетті үні – ұлттық кодымыздың белгісі
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімі Асайын Байханов өңір жұртшылығын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Баршаңызға Ұлы мұрамызды ұлықтайтын, қазағымыздың табиғаты мен даралығын танытатын – Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Киелі домбыраның қасиетті үні – ұлттық кодымыздың белгісі.

Сондықтан бүгінгі күн біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды дәріптейтін мерекелердің бірі!, - деді жазды аймақ басшысы Instagram  парақшасында.

Облыс әкімі халқымыздың қасиетті домбырасының төрімізден ешқашан түспеуін тіледі. 

- Ұлтымызды біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мерекеміз құтты болсын!, - деді Асайын Байханов.