Асайын Байханов Май ауданының тұрғындарымен кездеседі
Тұрақты кездесу 17 қарашаға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Май ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді. Баршаңызды тұрақты кездесуге қатысуға шақырамыз, - делінген хабарламада.
Әкім мен халықтың кездесуі 17 қараша күні сағат 14:30-да Көктөбе ауылының мәдениет үйінде өтеді деп күтілуде.