Асайын Байханов павлодарлықтардың мұң-мұқтаждарымен танысты
Облыс тұрғындары өңір басшысына әлеуметтік және құқықтық сипаттағы бірқатар мәселелермен жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, салынған әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасына шағымданған М. Омаров атындағы ауыл тұрғындарының өтінішіне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы берілген тұрғын үйлерді толық тексеруді, анықталған ақауларға талдау жүргізуді және берілген үйлерді құрылыс нормаларына сәйкес келтіруді тапсырды.
Барлық анықталған кемшіліктерді толық көлемде жою тапсырылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін кезеңде басқа тұрғын үйге қоныс аударуға келісім берген азаматтарға уақытша жалға алынған тұрғын үй ұсынылады. Жалға алу шығындарын құрылыс компаниясы толықтай жабады.
Баспасөз қызметі облыс әкімінің жеке қабылдауына eGov.kz электрондық үкімет порталы, E-Otinish.kz платформасы немесе әкімдікдің WhatsApp нөмірі +7 702 166 16 61 арқылы жазылуға болатынын еске салады.