Асайын Байханов қала күнімен құттықтады

Асайын Байханов қала күнімен құттықтады

Бүгін палодарлықтар қала күнін мерекелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі өз құттықтауын Instagram парақшасында жазды.


- Құрметті павлодарлықтар, сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Павлодар 162 жылдығын атап өтуде. Тарих үшін-уақыттың маңызды кезеңі және айтулы жас.  Бүгінгі мереке - біздің облыс орталығын одан да жақсы әрі әдемі етуге ұмтылған, сондай-ақ Павлодарға ғашық әрбір қала тұрғыны үшін ерекше.  Осы мерейлі күнде сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық және бақыт, Павлодар игілігі үшін еңбекте табыс тілеймін. Ертіс бойындағы қаламыз өсіп, өркендей берсін,- деп жазды аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін қала күніне орай орталық жағалауда мерекелік концерт өтеді. Онда қазақ эстарада жұлдыздары өнер көрсетеді.